Биыл - қазақ әдебиетінің аспанында жұлдыздай жарқ еткен қаламгер Саттар Ерубаевтың дүниеге келгеніне 110 жыл. Небәрі 24 жыл ғұмыр кешкен ол журналистика мен әдебиет саласындағы жаңашыл туындыларымен оқырманының жүрегінен жол тапты. Түркістанның төл перзентін бүгін туған жері еске алды. "Саттар ғұмыры - ғасыр тұнығы" атты шарада келушілер мен оқушыларға қайраткердің еңбектері таныстырылды. Мектеп оқушылары оның жалынды жырларын мәнерлеп оқыды. Қаладағы мұражай басшылығы болса Саттардан қалған мұраларды облыстың өзге аудандарына насихаттауды жоспарлап отырмыз дейді.