"Кемшіліктерді жою үшін 1 ай уақыт беремін". Сауран ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Дархан Сатыбалды жергілікті шенеуніктерге осылай ескерту жасады. Өйткені ауданға инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, өнеркәсіп өнімі көлемін арттыру бойынша жоспарлар орындалмаған. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып, жұмыс барысындағы олқылықтарды қатаң сынға алды.