Сауран ауданындағы Қосмезгіл ауылында жаңа білім ордасы бой көтерді. Бұған дейін елдімекенде мектеп тапшы болып, оқушылар ескі ғимаратта білім алып келген еді. Әрі ауылдың ұлғайуына байланысты оқушылардың білім ордасына жетуі де қиындық тудыратын. Енді ауыл балалары бүгіннен бастап жаңадан ашылған зәулім мектепте білім алатын болды. 300 орындық білім ордасы жайлы тілшіміз Нұрдәулет Сыздық тарқатады.