Түркістан облысы Сауран ауданында прокуратура ғимараты ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиев қатысып, ғимараттың лентасын қиды. Айта кетейік, Сауран өңірінде алғаш рет прокуратура ғимараты ашылып жатыр. Өйткені өңірдің аудан болып құрылғанына енді ғана екі жылдан асты. Жаңадан салынған нысан заманауи үлгіде жабдықталған. Екі қабаттан тұрады. Әрі жертөлесі де бар.