Биыл Сауран ауданына 20 инвестициялық жобаға 13 млрд теңге қаржы тартылды. Нәтижесінде 329 жұмыс орны ашылмақ. Жаңа кәсіпорындар аудан қазынасына 106,4 млн теңге салық түсіреді деп күтілуде. Бұл туралы Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев айтты. Оның сөзінше, 2023 жылдың бірінші тоқсанында құрылыс жұмыстарына 300 млн теңгеден астам қаржы жұмсалып, 8 мың шаршы метрден астам тұрғын үй қолданысқа берілген. Шаға, Құшата, Жалаңтөс ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы жүргізілмек. Ал, 2023 жылдың 3 айында 3 126 адамға 96,6 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек берілді.