Сауран ауданының жастарына әрқашан қолдау болады. Бүгін аймақ жастарымен кездескен аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев осылай деді. Қазір ауданда жеке кәсіппен айналысатын жастардың қатары артқан. Өскелең ұрпақ спорт жарыстары мен өнер байқауларында топ жарып жүр. Белсенді жастармен өткен жиында патриоттық тәрбиеге баулу бағытындағы әңгіме өрбіді. Жастар еркін сауалдарын қойып, сұрақтарына жауап алды. Өз кезегінде әкім де олардың талап-тілектерінің орындалуына уәде етті. Жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар мен арзан несие беру жайы да назардан тыс қалмады.