Саяси қуғын-сүргіннің сабақтары тарихи танымда орнығуы керек.Түркістанда осы тақырыпқа арналған дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында саяси репрессия құрбандарын ақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды. Ғалымдар мен сарапшылар XX ғасырдың 20-50 жылдары аралығындағы саяси қуғын-сүргін тақырыбына қатысты материалдарды терең зерттеуге және талдауға арналған ғылыми жобалардың нәтижелерін таныстырды. Айта кетсем, 2020 жылы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Мемлекеттік комиссия мұрағаттық зерттеулер жүргізіп келеді.