Бүгін Түркістан облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті. Қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған жиында былтырғы атрқарылған істер мен биылғы жоспарлар бекітілді. Комиссия соңғы үш жылда 6529 саяси қуғын-сүргін құрбаны ақтауға ұсынылып, оң нәтиже бергенін айтады. Олардың 30-дан астамы ономастикалық комиссияға жетіп, ұлт зиялыларының атына көше берілген.