Түркістан облысында сайлау алды дайындық қыза түсті. Биыл өңірде 36 ауыл әкімі сайланбақ. Депутаттыққа да талас тартысты өтуде. Аудандық маслихаттарда босаған 6 депутаттың орнына үміткерлер көп. Дауыс беру кезеңі ашық әрі әділ өтуі үшін бірқатар шаралар атқарылуда. Түркістан облысына Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының өкілдері келді. Тұрғындармен тілдесті. Сондай-ақ делегация жергілікті комиссия мүшелерімен тәжірибе алмасты. Негізгі меже - сол тұрғындар белсенділігін арттыру, сайлаудың әділ өтуі.