Түркістан облысында жалпы қуаты 1000 Мвт-қа жететін электр станциясы салынып жатыр. Нысан бу-газ қондырғысы базасында құрылған. Өңір қажетті ресурсқа бай. Сондықтан құрылыс сәтімен аяқталса өңірде электр тапшылығы азаймақ. Өндіріс орындары ашылып, екі қолына бір күрек таба алмай жүрген жандарға жұмыс та табылады. Ал жауаптылар маңызды нысанды 2026 жылы тапсырамыз деп отыр. Қазір құрылыс қарқыны қалай? Тілші репортажында толығырақ.