Солтүстік өңірлерге "Қоныс аудару" жәрмеңкесі Сайрам ауданында жалғасты. Іс-шарада Абай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының ірі жұмыс берушілері төрт мыңға жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеде екі қолға бір күрек тапқан азаматтарға жоғары жалақы мен жайлы баспана да беріледі.