Түркістан облысындағы Сайрам ауданында тазартқыш имараттары іске қосылды. Айтып өтейік мекеме енді лас суды қайта өңдеп, ауылдардағы бау бақшаларға жібере алады. Ал шаруалар егістік жерімізді суғара алатын болдық дейді. Бұл өз кезегінде, жемістерді өсірудегі су тапшылығын шешпек. Толығырақ Өркен Мырзабек тарқатады.