Семейде мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалының директоры ұсталды. Жалпы орманды тонады деген күдікпен полицияға 20-дан астам адам жеткізілген. Тінту жүргізіліп, ұрланған ағаштардың ондаған текше метрі, ағаш өңдеу станоктары, ақша және құжаттар тәркіленді. Қазір филиал директоры мен қылмысқа қатысушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, өткен жылдың жазында Абай облысында орын алған алапат өртке байланысты Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына орманды заңсыз кесуге және ағаштарды ұрлауға қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырған. ІІМ аталған тапсырманы орындау аясында осы саладағы қылмыстық схемаларды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жүргізіп келеді.