Сенат капиталды елден шығаруға бақылауды күшейтетін заңды мақұлдады. Сенатор Бекболат Орынбековтің сөзінше, заң трансферттік баға белгілеу саласындағы заңнаманы жетілдіру мен тиімділігін арттыруға, капиталдың елден шығарылуын бақылау шараларын күшейтуге бағытталған. Сонымен қатар, тауар биржаларында жасалған мәмілелерді бақылау қарастырылған. Айта кетсек, бұған дейін президент қабылдауында болған Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малахов капиталды заңсыз шығаруға қарсы іс-қимыл саласында жалпы сомасы 276 миллиард теңгенің активтері қайтарылғанын мәлімдеген еді.