Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң мақұлданды. Қор құру туралы келісімге ұйым қатарындағы мемлекет басшылары биыл 16 наурызда қол қойған еді. Атап айтсақ, Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан және Қырғыз Республикасы құрылтайшы ретінде тіркелген. Енді қор шағын әрі орта кәсіпорындардың жобаларын қаржыландыру, цифрлық инфрақұрылымды қолдау, одан бөлек, өнеркәсіп өндірісін, ауыл шаруашылық пен туризмді дамыту сынды функцияларды орындайды. Капиталы 500 млн доллар көлемінде болмақ.