Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішінде 6,5 миллиард текше метр су жиналған. Бұл былтырмен салыстырғанда 2,3 миллиардқа көп. Бұл туралы сенатор Бибігүл Жексенбай Премьер-Министрге жолдаған депутаттық сауалында айтты. Бұған дейін үкімет отырысында облыс әкімі Дархан Сатыбалды да Шардара су қоймасының көлемі 100 % жақындады деп дабыл қаққан болатын. Бұл мәселенің талай көтерілгеніне қарамастан, Үкімет нақты шаралар қабылдамаған. Бибігүл Жексенбайдың пайымынша, еліміздің салалық министрліктері Шардара су қоймасына келетін су мөлшерін азайту мәселелері бойынша Өзбекстанның өкілдерімен келіссөздер жүргізу қажет.