Енді вейптерді жарнамалауға да шектеу енгізілмек. Сенат вейптерге толық тыйым салатын заңның жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, мәжіліске қайтарды. Заң жобасында электронды темекілерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Мәселен, сатқаны үшін ең жоғарғы жаза – 50 тәулікке дейін қамауға алу. Ал әкеліп, таратқаны үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, қылмыстық топ құрып, заңсыз әрекетті бірнеше рет қайталаған жағдайда – 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Заң күшіне енгенен кейін, сату да, тұтыну да қылмыс болады. Жарнамалауға да тыйым салынатынын жеткізді.