Жастар үшін 10 жылдан бері «Серпін» бағдарламасы қолдау көрсетіп келеді. Мәселен былтырдың өзінде өңірдегі 1000-ға жуық оқушы дәл осы бағдарлама аясында тегін грант иегері атанған. "Серпін" бағдарламасы бойынша грант бөлінген оқу орындарының бірі - Өскемен қаласында орналасқан Сәрсен Аманжолов атындағы университет. Бүгінде онда аталған бағдарламамен 500-ге жуық шәкірт білім алып жүр. Оның тең жартысы - Түркістан облысының жастары.