Түркістан қаласында Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастыруымен «Шахмат керуені» өтуде. 11 кезеңнен тұратын шахмат додасында облыстық іріктеуге өткен 20 адам өзара бақ сынасады. Олардың арасынан үш жеңімпаз ғана гранд-финалға жолдама алады. Дәл қазір Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алдындағы алаңда өтіп жатқан іс-шарада біздің тілшіміз де жүр.