Шахматтың классикалық, рапид және блиц түрінен Қазақстан чемпионаты басталды. Ұйымдастырушылар республикалық сайысты Түркістан қаласында өткізуді ұйғарыпты. Оған еліміздің әр өңірінен үздік шыққан 400-ден аса ойыншы қатысып жатыр. Жасөспірімдер арасындағы чемпионатқа тіпті әлемдік додалардан жүлделі оралған шахматшылар қатысуда. Шараға әріптесім Балым Әлішер де барып қайтқан еді. Толығырақ сюжетте!