Еліміздегі қол күресі спортының негізін қалаушылардың бірі Арман Қарсыбаев Шардара ауданының әкімі болып сайланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан активіне жаңа басшыны таныстырды. Аудан экономикасын дамыту бағытында жаңа өндіріс орнын ашу, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығын одан әрі дамытуға басымдық беруді міндеттеді. Өз кезегінде Арман Қарсыбаев сенім артқан жергілікті тұрғындар мен облыс басшысына алғысын айтып, ауданның дамуы жолында бар мүмкіндікті пайдалана отырып, жұмыс жүргізетінін жеткізді.