Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 1 қыркүйектен бастап тағы 30 пайызға өсті. Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәлімгерлер мен тәрбиешілердің біліктілігін арттыру мақсатында 25 қазан Республика күні мерекесіне орай Шардара ауданында облыстық тәжірибелік семинар жиыны өтті. Шараның басты мақсаты – бүлдіршіндерді тәрбиелеуде біліктілік дағдыларын қалыптастыру, ойын әдісін тиімді жүзеге асыра отырып бүлдіршін бойындағы шығармашылық ойлауды дамыту. Басқосу концерттік бағдарламаға ұласып, бүлдіршіндер өнерлерін ортаға салды.