Шардара су қоймасының түбін тазарту жұмыстары басталды. Ол су қойманың нақты көлемін анықтау үшін жүргізіледі. Соңғы рет мұндай зерттеу 1977 жылы іске асырылған. Сол кезде су қоймасының көлемі 5,2 млрд текше метр екені анықталды. Уақыт өте келе су қойманың түбі біртіндеп шөгінділерге толып, көлемінің өзгеруіне әкеліп соққан. Айта кету керек, мұндай жұмыстар елімізде алғаш рет жүргізіліп жатыр. Енді бұл өз кезегінде өңірдегі су тапшылығын жоюға сеп болмақ.