Шардарада ауыз су мәселесі шешімін табуға жақын. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаты Бақытжан Серманиязов баспасөз отырысында айтты. Тұрғындар бұған дейін ашық су көзін пайдаланып келген. Енді Шардарадан 35-40 шақырым жерден «Тама» жерасты су қоры анықталды. Бүгінде жоба республикалық бюджетке ұсынылған. Егер мақұлданса, 30 мың қала тұрғыны таза ауыз сумен қамтылады.