Түркістан облысында тасқын судың қаупі күшейіп келеді. Өйткені Шардара қоймасындағы су көлемі 100 пайызға жақындады. Ал Көксарайға 22 млн текше метр артық су жиналған. Яғни бұл қойма да суға толып тұр. Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды осылай дабыл қақты.