Бәйдібек ауданында құрғақ шөптен алапат өрт тұтанды. Өңірде бірер күн бұрын тілсіз жау 120 тонна мал азығының күлін көкке ұшырғаны туралы ақпарат тараған еді. Біздің түсірілім топ шығынға батқан шаруамен тілдесіп келді. Жарықбас ауылында тұтанған жалынға не себеп болған? Адам мен мал аман ба? Айдос Игіліковтің бейнематериалы.
Жаңалықтар































