Шаруаларға су құбыр арқылы берілуі мүмкін. Тіпті, егістік басына су есептегіш құралдары орнатылады. Парламент мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиев ауыл шаруашылығы жерлерін бір көзден құбыр арқылы суарып, ағын судың тиімді жұмсау қажеттігін жеткізді. Еліміздегі судың 60 пайызы ауыл шаруашылығы мақсатында жұмсалады екен. Қазір мәжілісте Су кодексінің жобасы қайта қаралып жатыр. Себебі, 20 жыл бұрын қабылданған заңды құжатта су қауіпсіздігі мен оны үнемдеу мәселесі көтерілмеген. Осыған орай, былтыр президент жаңа Су кодексін дайындауды тапсырған болатын.