Көкшетау қаласында шетелдік көліктерді заңсыз тіркегендер анықталды. Бұл істі Қаржы мониторингі Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті анықтады. Азаматтарға арналған үкіметтің қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы маманымен алдын ала сөз байласып, екі азаматтың жалған төлем құжаттарын қолданған. Сүйтіп алымдарды төлемей шетелден келген көліктерді жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырған. Олар 68 көлікті заңсыз тіркегені белгілі болып отыр. Мемлекетке келтірілген шығын шамамен 449 млн теңге.