Туроператорларға шетелдік туристерді тартқаны үшін субсидиялар берілетін болды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Айта кетсек, соңғы үш жылда еліміздің туризм саласына 4 млрд доллар инвестиция құйылған. Мәселен, өткен жылы аталған салаға 513,3 млрд теңге бөлініп, 400-ден аса туристік нысан салынды. Мемлекеттік қолдаумен туризм объектілерін салу, тау шаңғысы курорттарын дамыту және туристік автобустар сатып алу жөніндегі жобалар іске қосылды.