Сайрам ауданы Қайнар Бұлақ округіне қарайтын жеті бірдей ауыл ішімдіктен бас тартқан. Мұндай жағдай бұл аймақта бұрын-соңды болған емес. Ауылдардағы 30 дүкеннің бірде-бірінен алкогольді ішімдікті таппайсыз. Бұл ұйғарымға келу ең дұрыс шешім болды, дейді аймақ ақсақалдары. Толығырақ тілші сюжетінде. Ішімдіктен бас тартқан бір ауылды естіп жатамыз. Бірақ, бір округтің ауылын ішімдіктен тазарту өңірде алғаш рет болып отыр. Қайнар бұлақ округіне 8 ауыл кіретін болса, оның 7еуі түгел осы шешімге келген.Олар Таскешу, Әсіларық, Қасымбек датқа, Тоған, Шіркін, Ошақты, Құрлық ауылдары. Ауыл ақсақалдары тура 4 жыл бұрын ораза кезінде дүкендерді аралап түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Биылғы рамазан айында бәрі нәтиже шығарып, спирттік ішімдік атаулыны жоқ қылған.