Түркістан облсында жыл басынан бері 58 адам суға кеткен. Қайғылы оқиғаның 41-і шомылу маусымы басталғанда өзен, канал, су қоймаларында болған. Оның 19-ы балалар. Қайғылы оқиғалардың дені Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Жетысай, Шардара аудандарында тіркеліпті. Негізгі себеп балаларды ата-ананың қарауынсыз қалуынан және өз күшін бағалай алмау яғни, жүзе алмау болып отыр. Төтеншелік мамандар суға кетудің тең жартысы каналдарда болады, дейді. Сондықтан, былтырдан бері елді -мекендер арасынан өтетін су арналарына қоршау жүргізіліп жатыр. Бүгіннің өзінде аймақтың бір тұрғыны Сырдария өзеніне батып кеткен. 2 күннен бері құтқарушылар азаматтың денесін іздестіріп жатыр.