Шымкентте 17 жастағы қызды қоғамдық көлік қағып кетті. Оқиға таңғы ондар шамасында болған. Абырой болғанда студент аман қалды. Оқиға куәгерлерінің сөзінше, жүргінші рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған. Сөйтіп, оны келе жатқан 27-автобус қағып кетіпті. Жүргізуші тежегішті басып үлгергенімен, кәмелет жасына толмаған қыз ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Ақ халаттылардың сөзінше, бойжеткен болған оқиғаны әлі есіне түсіре алмай жатыр.