Шымкентте газға уланып, бір адам көз жұмды. Тағы үшеуі ауруханаға түсті. Оқиға Игілік шағын ауданындағы жер үйлердің бірінде болды. Әзірге белгілісі, қайтыс болған - үй иесі. Болжам бойынша, табиғи газға жалғанған қазандықта ақау болған. Оқиға орнына төтенше жағдайлар мен газ тарату мекемесінің 5 құтқарушысы мен 2 техникасы көмекке барды.