Шымкентте осы айдан бастап қоқыс шығару құны екі есе қымбаттады. Енді қала тұрғындары қалдық шығарғаны үшін адам басына 400 теңгеден төлейді. Бірақ, бұл өзгеріске бұқара қарсы. Онсыз да әрең күн көріп отырмыз деген шымкенттіктер бұл сомманы қалта көтермейді дейді. Алайда, жұрт қарсылығын тыңдаған халық қалаулылары болмады. Сессияда депутаттар жаңа өзгерісті бірауыздан қабылдап жіберді.