«Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобының жұмысы Шымкентте жалғасты. Саяси ұйымның төрағасы бастаған штаб өкілдерімен кездесуге 400-ге жуық тұрғын келді. Жиынға қатысушылар дауыс беретін сайлау учаскелерінде электронды жүйе орнату қажеттігі туралы талаптарын жеткізді.