Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағында 7,1 баллдық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы 22 шақырым тереңдікте болған. Ақсу префектурасының Уши уезінде тіркелген негізгі жер сілкінісінен кейін, магнитудасы 5,3 баллға дейін жететін жерасты дүмпулері жиілеген. Қытайдың сейсмологиялық желісі магнитудасы 3,0 немесе одан жоғары жалпы 40 афтер сілкінісін тіркеді. Эпицентрге жақын орналасқан 5 ауылда электр желілері істен шығып, тұрғын үйлер мен ғимараттар қирап қалды. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. Зілзала ауданына құтқарушылар аттандырылды.