Солтүстікқазақстандық полицейлер аса ірі көлемде есірткі тасымалдаушылардың жолын кесті. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша «BMW» автокөлігімен жүрген сезіктілер қолға түскен. Темір тұлпарды тізгіндеген Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны тәртіп сақшыларының тоқта деген алабын орындамай, жасырынбақ болады. Тіпті қашып бара жатып, ол терезеден қара түсті сөмкені лақтырып жіберген. Ал оның ішінен салмағы бір келі ұнтақ табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол синтетикалық есірткі болып шықты. Сезіктілер қала шетіндегі айналма жолда ұсталды. Жүргізушіден бөлек, салонда 35 жастағы алматылық және 24 жастағы астаналық қыз болған. Сезіктілердің Көкшетау қаласында пәтер жалдап тұрғаны белгілі болды. Баспананы тінту кезінде синтетикалық есірткі, электрондық таразы және 20 грамм гашиш тәркіленді. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.