Түркістан қаласы облыс орталығына айналғалы биік ғимараттар мен жаңа нысандар күн санап артып келеді. Соңғы 4 жылда қаладағы құрылыс көлемі 5 есе өскен. Ал жыл басынан бері бұл салаға 77 млрд. теңге жұмсалған. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалды түркістандық тұрғындармен кездесу барысында айтты. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарының қарқыны мұнымен тоқтап қалмайды, - деді өңір басшысы.