Түркістан облысының төрт ауданында алғаш рет пилоттық жобамен әкім сайлауы өтті. Мақтаарал, Бәйдібек, Шардара мен Созақ тұрғындары өз кандидаттарына дауыс берді. Науқан сайлау учаскелерінде таңғы сағат 07:00-де әнұран шырқалған сәттен басталып кетті. Елімізде алғаш рет болған аудан әкімдері сайлауын біздің тілшіміз де көріп қайтқан болатын.