Созақ ауданында екі шағынауданды ауыз сумен қамтитын нысанның құрылысы аяқталды. Енді Шолаққорған ауылындағы мыңнан астам абонент таза тіршілік нәріне қол жеткізбек. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Созақ ауданына жұмыс сапары барысында нысанмен арнайы танысты. Жауаптыларға ауылды ауыз сумен қамтудан бөлек те, мәселелер бар екенін де ескертіп, тапсырмалар берді.