«Ауыл аманаты» – ауыл халқының тұрмыстық жағдайын жақсартатын жоба. Түркістан облысының Созақ ауданының тұрғындары осы жобамен қаражат алып, кәсіптен нәсіп тауып отыр. Бәзбірі мал басын көбейтіп бордақыласа, енді бірі егін шаруашылығын жандандырып келеді.