Бүгін Созақ ауданының тұрғындары Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға өз сауалдарын қоюға мүмкіндік алды. Қабылдауға құқық қорғау органдарының және облыстық басқарма басшылары мен өкілдері де қатысып, мәселелердің оң шешімін табуына атсалысты. Жеке қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй мәселесінің шешілуін сұрады. Сонымен қатар жерді уақытша пайдалануға келісімшартқа тұру бойынша тиісті мекемеден құжаттарын ала алмағандығына шағымданды. Одан бөлек, ауыл шаруашылығы, білім саласы, кәсіпкерлікке қатысты, инфрақұрылым мен жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету туралы да өтініштер түсті. Созақ ауданына табиғи газбен қамту жұмысын күшейту жөнінде де ұсыныс айтылды. Ұсыныс-пікірлер мен өтініштер хаттамаға енгізілді.