Енді Қожа Ақмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері "Turkistan" телеарнасында практикалық дәрістерге белсене қатыспақ. Ол үшін "Алатау медиа" орталығы ғимаратынан студенттерге ыңғайлы оқу кабинеті берілді. Мұнда журналистика кафедрасының жоғарғы курс студенттері «Телеоператор шеберлігі», «Теле хабар жасау технологиясы» пәнінен дәріс алмақ. Олар жасаған материалдардың ең үздігі "Turkistan" телеарнасы эфирінен көрсетіледі. Қазіргі таңда мұнда 20-ға жуық бала білім алады деп жоспарлануда.