Елімізде 70 мыңға жуық студент жатақханаға мұқтаж. Бұл - Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметі. Ведомствоның дерегінше олардың 61 435-і жоғары оқу орнының, ал 7 801-і колледж студенті. Ал Түркістан облысында жағдай қалай? Студенттер баспана мәселесін қалай шешуде? Тілші материалынан көріңіз.