Түркістанда жыл басынан бері 20 адам суға батып кеткен. Оның 15-і ата-анасының қарауынсыз қалған балалар. Сондықтан жазғы шомылу маусымында су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілуі керек. Аппарат мәжілісінде осы мәселеге тоқталған облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауаптыларға тапсырмалар берді. Ал, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісовтің айтуынша, соңғы жылдары атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесінде судағы қайғылы жағдайлар саны азайып келеді. Атап айтар болсақ, арнайы шомылатын орындары жоқ аудандарда модульді-каркасты елді-мекендерге орналастырылған. Балалардың тегін және қауіпсіз шомылуына мүмкіндіктер жасалып жатыр. Мәжілісте мамандар су айдындарында балаларды қараусыз жібермеу, шомылуға тыйым салынған аймақтарда бақылауды күшейту, ерікті суда құтқарушы жасақтарын құру жөнінде ұсыныстар берді.