Жаңа оқу жылына бір-ақ ай қалды. Ал мектептер оған дайын ба? Әсіресе, су тасқыны болған аймақтарда оқу орындарына қалпына келтірілді ме? Еліміздің сотүстігі Петропавлда көптеген мектептер қайта жөнделіп жатыр. Ол үшін жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлінген. Құрылысшылар күні-түні демалмай, екі ауысымда жұмыс істеп жатса керек. Өйткені қыркүйек таяп қалды. Балалар мектепке баруы керек. Толығырақ сол аймақтағы тілшіміздің бейнематериалымызда.