Өңірлерде су тасқыны басталғалы қауіпсіз аймақтарға көшірілген 41 мың адам бүгінде өз үйіне оралды. Дегенмен әлі 6300-ден аса тұрғын эвакуациялық пунктерде қалып отыр. Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 7 мыңнан аса тұрғын үй мен 2844 аула аумағынан қарғын су сорылды. Бұл жайында Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп Республикалық штабтың брифингінде баяндады. Су тасқыны басталғаннан бері медицина қызметкерлері 800-ге жуық адамға көмек көрсеткен.