Елімізде су тасқынынан зардап шеккен 38 мың адам үйіне оралды. Бүгінде бөгеттерді нығайту жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 500 шақырымнан астам бөгет салынған. Бұл туралы Төтене жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір тасқынға байланысты мониторинг жүргізіліп жатыр. Ақтөбе облысындағы 403 гектар су басқан аумақтарда дезинфекциялау жұмыстарын қолға алынған.