Бүгін еліміз бойынша көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Республикалық оқу-жаттығу өткізілуде. Онда нөсерлі жауын салдарынан және қардың еруінен, сонымен қатар, күл-қоқыстан тазартуды ұйымдастыру жұмыстары атқарылып жатыр. Алдын ала бекітілген іс-шаралар жоспары негізінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісіне «Дабыл-1001» дабылы келіп түскен. Онда Бәйдібек ауданы аумағында автомобиль жол астынан өтетін құбырларда, ирригациялық жүйелерде күл-қоқыстан тазартуды ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқу-жаттығуға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов арнайы қатысып, табиғаттың тосын мінезіне әрдайым дайын болу керектігін айтты.