Ақтау қаласында су тапшылығын азайту мақсатындағы жұмыстар қарқынды жүруде. Алдағы тамыз айына дейін қос жобаны аяқтау көзделіп отыр. Соның бірі - «Каспий» су тұшыту зауытының қуатын тәулігіне 20 000 текшеметрден 40 000 текшеметрге дейін ұлғайту». Жобаның құрылысы бітуге таяу. Бүгінде техникалық жабдықтары келді. Сондай-ақ, «МАЭК» комбинатында екінші орталық сумен жабдықтау торабы іске қосылды. Ол тәулігіне 6 000 текшеметр су тұшытады.